Өлең, жыр, ақындар

Атырау

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 539
Тартты ақыры өзіне шалғайдағы ән,
Тыңдап жатып оянам қанбай қалам.
Жібек жырға толтыра бастадым кеп,
Дәптерімнің беттерін сарғаймаған.

Күн көрінді жазықтың шығысынан,
Жүздерімдей бір суып,бір ысыған.
Ақ қағаздың беттері дірілдейді,
Жыр тербеп жеңіл алған тынысымнан.

Саусақтарым жыр жазған қарысады,
(Көрші үйдің өшкен жоқ әлі шамы)
Майлы өлкенің құт қонған балшығындай,
Сағынышым шалғайға жабысады.

Ізі қалған ерлердің бүла дастан,
Күте,күте есінен құм адасқан.
Күйге толы кеудемді абайсызда,
Қағып алып тентек жел тұра қашқан.

Таң көрінді шығыстан…
құбыла гүл.
Назар салшы атырау қызыңа бір.
Ата жұртын аңсаған ағайынның,
Сағынышын көтердім,жүгім ауыр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таудан биік

  • 0
  • 0

Сезіміңді жасыру да бір мұң ғой,
Кірпігіме асылуда бұл күнде ой.
“Көзің талса тауға қара” дейсің сен,
Таудан биік саған қарап жүрмін ғой!

Толық

Жар дегенің

  • 0
  • 0

Жар дегенің жарты деген сөз екен,
Құралдың ба бүтінделдің онымен.
Ғұмырыңның жартысы да сол екен,
Қалған күнді бірге өткіз жөнімен.

Толық

Сәлемдемең келіпті

  • 0
  • 0

Мен тарттым сағыныштың әлегін көп,
Ақ қайың тұрған шақта және бүрлеп.
Ағажан көктемдегі құспен бірге,
Сәлемдемең келіпті сәлемің жоқ.

Толық

Қарап көріңіз