Өлең, жыр, ақындар

Сәлем Зайсан

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 311
Қайғым, мұңым түйдей құрдас сенімен,
Келдім міне Өр Алтайдың елінен.
Тағдыр шығар тәлкек қылған біздерді,
Жерімнен аң, құс ұшырмай көгімнен.

Тау да біреу, өзен біреу тегі мен,
Жарма құрттай қайтып сенен бөлінем?
Талайларды жолықтырмай зарлатқан,
Қызыл сызық басып өттім сені мен.

Кесте тігіп, ою салып сырмаққа,
Қажеті жоқ қара мынау гүл баққа.
Күн батарда саған жиі қараушы ем,
Сені шығыс дейді екен бұл жақта.

Шырқыраған сәбидейін құндақта,
Тентек өзен тепкіленіп тіл қатса.
Дейтін атам Жайсаң көлге құяды ол,
Сені Зайсан дейді екен бұл жақта.

Көз жастардың бар ғой кезі тиылар,
Жаратқанның берген ғажап сыйы бар,
Өзендер кеп Зайсан көлді толтырса,
Тағдырлар кеп бір арнаға жиылар.

Неге жасқа шыланасың кірпігім,
Ақ қағазға түсірейін жыр тілін.
Көз мейірім қанар емес апыр-ай,
Ұйықтамай ақ қойсам ба екен бұл түні?…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыл кепеш

  • 0
  • 0

Ана дейтін құдірет алыптың да,
Өнерлісін қояды халық сынға.
Нағашы апайымыз болушы еді,
Құралай көз, қыр мұрын, нәзік тұлға.

Толық

Мазамды алма менің

  • 0
  • 0

Мазамды алма менің,
Елестер бұлдыраған.
Сендерсіз мені өзіне,
Тартады нұрлы ғалам.

Толық

Желтоқсанға тағзым

  • 0
  • 0

Тауелсiздiк!
Ұмытам сен дегенде бар мұңымды,
Тапсырғам саған әкеп тағдырымды.
Теңеймiн жер үстiнiң бейiшiне,

Толық

Қарап көріңіз