Өлең, жыр, ақындар

Ұмытуға тырыстым

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 373
Ұмытуға тырыстым,
Ұмыта алам!
Сені ұмытқан шақтармен тыныс алам.
Қашанғы ойға арқалап жүрем сені,
Төзе берер деп пе едің құрыш адам?!

Кетпеу үшін ұмытам және жүдеп,
Саған ғана кім айтты тән еді деп?
Көзіменен досымның қарап едім,
Күткен біреу өзіңнен әдемірек…

Соқса дағы тағдырдың құйыны көп,
Сенем бақыт алдымнан жиі күлед.
Тағы бірі өзіңнен салмақтырақ,
Тағы бірі өзіңнен биігірек.

Жатса дағы жаудырап қарап маған,
Дәптерімнің беттерін парақтаман.
Сені ойламай отырып шай ішемін,
Сені ойламай отырып тамақтанам…

Басқа белге шықсам ғой қия шауып,
Басқа таудың басынан ұя тауып.
Қалам сапты жеп-жеңіл ауыстырдым,
Қалып қойды орнында сия сауыт…

Сиясы жоқ қалам сап ғайып болған,
Қалдыра алмай көңілге із айыпталған.
Сия сауыт ішінен сені көрдім,
Жан сырымды дәптерге жайып салған.

Ұмытпадым!
Не болар халім менің?
Дем біткенше айтатын әнім бе едің?!
Отыз тістен шығармай шыдай-шыдай,
Жан қысылды,
Амалсыз “жаным”дедім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таусыз жерде тұра алман

  • 0
  • 0

Сисам таудың құшағына сиярмын,
Жүйріктігін қарасаңшы қиялдың.
Тез жетем деп отырғанмен ұшаққа,
Тау үстінен өткен кезде ұялдым.

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Көздің жасы кетті өшіріп.
Жанбадық.
Сондадағы адалдықтан танбадық.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,

Толық

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 0
  • 0

Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Толық

Қарап көріңіз