Өлең, жыр, ақындар

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Жақыным десем, жат екенсің ғой.
Жүрекке айтсам көнбеді.
Біреуге таудай әке екенсің ғой.
Елесің жап-жас мендегі!

Біраз адамға керек екенсің,
Арқалап алған жүгің бар.
Төбеден құлдап келеді екенсің,
Болшы деп алла өзің жар.

Беттерін жиі санайды екенсің,
Күнделігіңді жаптырмай.
Жазыңды қимай, қарайды екенсің,
Тырнаны қайтқан жақтырмай…

Сағыныш,мұңға тоқ екенсің ғой.
Тимепті себі шешімнің.
Жетісіп жүрген жоқ екенсің ғой,
Кешірдім, бәрін кешірдім…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамыз бекеті

  • 0
  • 0

Мендегі арзан шаттықты мөлдір мұң жеңді,
Көндіре алмадым ырқыма көндіргім келді.
Тамыздың кеші тамылжып тəтті күй шерткен,
Елжіреп тұрып еске алам сол бір күндерді.

Толық

Жамбыл

  • 0
  • 0

Әр табаны тиген жерді гүл басқан,
Ұлық пен де кішік пен де мұңдасқан.
Жыр көгінде жарқырадың жұлдыз боп,
Түнеріп ап жатқан кезде түнгі аспан.

Толық

Жабық жүрек

  • 0
  • 0

Жүрегімнің қақпасы жабылғаны,
Шығар бәлкім өкпенің қабынғаны.
Қатып қалған бір тамшы жастай болып,
Ауыртады кеудемді тастай болып.

Толық

Қарап көріңіз