Өлең, жыр, ақындар

Қиялға да симайтын

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 224
Жүдетуге жанымды мүлде бейім,
Сені көрсе мұң біткен қашады ептеп.
Мен де ығысып шегіне бердім кейін,
Төрге шығып барасың баса көктеп.

Қамал соғып сан жерден шектеліп ем,
Жүрегіме қалай жол тауып кеттің.
Көлбіреген көңілдің шекпенімен,
Ұсақ-түйек сезімді жауып кеттің.

Қашан мақсат еттім мен кезігуді?
Түсіндірсең жайымен ұғынармын.
Өлең-жырмен өрнектеп сезіміңді,
Ақ жауынша төпелеп тұрып алдың.

Жаның сүймес жан едің зарлағанды,
Қарып түсер қолың-шоқ, от-қарасың.
Күрең тұлпар шылбыры қолда ораулы,
Қиялға да симайтын боп барасың…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалсам болғаны

  • 0
  • 0

Ерте ме кеш бір айтар арман әнімсің,
Үмітімді үзілген жалғағанымсың.
Көктем сыйлар көңілге шаттық күлкімсің,
Жиі тартқан сен менің оң қабағымсың,

Толық

Өткенді ғана

  • 0
  • 0

Жол жатыр алда көлікпен біздер,
Келеміз бағыт белгісіз.
Ойлаумен өтті қаншама түндер,
Қайда апарасыз енді сіз?

Толық

Көзіме бір көрінсең..

  • 0
  • 0

Не болар сағынышты сарқып алса,
Сезімді өзге біреу тартып алса?
Қасыма кел демеспін, жолдар жабық,
Көзге бір көрінудің нарқы қанша?!

Толық

Қарап көріңіз