Өлең, жыр, ақындар

Сен барсың

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 239
Сезсем де мына өмірдің жалғандығын,
Келемін аялаумен арман гүлін.
Құлпырып кеттің десе құрбыларым,
Ол менің сеннен хабар алған күнім.

Төзімнің тарыдайын қалмауынан,
Ойлардың шаршағанмын салмағынан.
Қолыма қаламымды ұстап тұрып,
Іздесем және оны жан-жағымнан.

Сен барсың сонан ба екен жасқанбаймын,
Шомылам сәулесіне аспанда айдың.
Төбеңді ту сыртыңнан көрген бетте-ақ,
Жүрекпен жүріп келе жатқандаймын.

Көрініп сенсіз сүркей көрікті аспан,
Қиялым қалмай саған еріп қашқан.
Жан едің беу не қылған, түсінбедім,
Жартысын жастығымның төгіп-шашқан!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоңыр мұң

  • 0
  • 0

Кешке жақын баспалап кеп қоңыр мұң,
Көрпеге емес қоңыр ойға көмілдім.
Аңдып тұрып сен келмейтін мезгілді,
Бассалғанын сездің бе сен, не білдің?

Толық

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 0
  • 0

Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Толық

Таңғы көкек дауысы

  • 0
  • 0

«Ән салып жүрсем болды, жетед» деген,
Қарамай шаранаға секектеген,
Сол құсты қадірледі не себепті,
Жайлау бар туған жерде Көкек деген.

Толық

Қарап көріңіз