Өлең, жыр, ақындар

Өтеміз бе

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 214
Жүрегімнің қамалына қамалып,
Кеткен жан ең тұла бойға таралып.
Не марқадам табарыңды білмедім,
Менің жұмбақ әлемімнен жоғалып.

Күй кешемін кейде жандай әңгүдік,
Таныс әуен құлағымда жаңғырып.
Кімнің кегін алып бердің білмеймін,
Менің нәзік көңілімді қалдырып.

Таудағы біз күнгей менен теріскей,
Екі жаққа бағыт алған өрістей.
Қасарысып жүріп ақыр болдық біз,
Екі бақта мәуелеген жемістей.

Сырымызды айтар кезде шектеліп,
Түсініксіз күйді бастан өткеріп.
Екі айланым сөзге келмей шамданып,
Өтеміз бе мына өмірден кектеніп?…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нән қаланың тұрғыны

  • 0
  • 0

Естілетін сирек күйдің күмбірі,
Ысы қою нән қаланың тұрғыны.
Сөзіңізде керуеннің сыңғыры,
Сіз де өлеңге айналарсыз бір күні…

Толық

Жамбыл

  • 0
  • 0

Әр табаны тиген жерді гүл басқан,
Ұлық пен де кішік пен де мұңдасқан.
Жыр көгінде жарқырадың жұлдыз боп,
Түнеріп ап жатқан кезде түнгі аспан.

Толық

Ауылым

  • 0
  • 0

Тауға қарап елестетем тау ұлын,
Кербез жота- маңғаз мүсін бауырым.
Ағайынның пейіліндей тап-таза,
Тұнық еді ауа, суың, жауының.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер