Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 181
Әр табаны тиген жерді гүл басқан,
Ұлық пен де кішік пен де мұңдасқан.
Жыр көгінде жарқырадың жұлдыз боп,
Түнеріп ап жатқан кезде түнгі аспан.

Тап келсе де қилы-қилы заманға,
Жырлап өткен шабысынан тынбастан.
Сәттібайдың жайлауында сәтті күн,
Туылған ұл мұзбалақ боп шыңды асқан.

Көкке өрледің айтыс сайын дес бермей,
Әріптестен ұсқын кетіп сұр қашқан.
Таза маржан лағыл жырды ағыттың,
Көңіліңді кездері жоқ кір басқан.

Жолбарысты жүгендеген киелім,
Намазға ұйып шариғатты бұзбастан.
Егілсең де елмен бірге егілдің,
Соғыс жылдар.
Жұрт көңілін мұң басқан.

Атқандығын көрмей кеттің мына таң,
Азат бүгін бар қазақта бір Отан.
Екі дүниеде мекен болған басыңа,
Жырмен сәлем беріп тұрмын жыр-атам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазан айы

  • 0
  • 0

Сағағына ілінген өмір семген,
Көз үйреніп күзге де,көңіл сенген.
Арша менен Шыршаның жайы бөлек,
Тасты жарып шыққан соң, өміршең бе ең?!

Толық

Тұман

  • 0
  • 0

Мен тауларға, таулар маған құмартып,
Таудың үстін бұлттар қаптап, мұнартып.
Тартатынбыз тараған соң мектептен,
Жирен атқа ұсақ-түйек жүк артып.

Толық

Бір бақшада баптайық

  • 0
  • 0

Мент үшін саған өзге жетеді кім?
Сен келсең маңайымнан кетеді мұң.
Сен дағы бір ауылдың серісісің,
Мен дағы бір ауылдың сетерімін.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер