Өлең, жыр, ақындар

Қырсығады екем

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 237
Мазасыз ойлар сен келсең сап тынады екен,
Қасыма менің кідіріп бақ тұрады екен.
Әуре болып несіне келдің дегенмен,
Көңілім сені көргенді жақтырады екен.

Қарбаласпын деп сылтауды маңайлайды екем,
Бір жүрген күнді еске алып сан ойлайды екем.
Келмейтініңді ішімнен сезіп тұрсам да,
Сен жақтан келген көлікке қарайлайды екем.

Сен үшін қиын белестен аса алады екем,
Сонда да бәрін жасырып қасарады екем.
Оңаша қалғың келгенін біліп тұрсам да,
Топтасқан жанның ішіне апарады екем.

…Көрмесе күнді гүл мұңға тұншығады екен,
Тұншығады екен, тұншыққан гүл сынады екен.
Шыдамым бітті қырсыға қоймаспын деуші ем,
Қырсығады екем бәрі бір, қырсығады екем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жер

  • 0
  • 0

Сенделдім қу тірліктің соқпағында.
Өртендім аңсау-сезім аптабында.
Ілесіп ертісіңе, жырақ кеткен,
Туған жер,

Толық

Кетіп барам

  • 0
  • 0

Сезім тұнық, сыр тұнық, тұнық бәрі,
Көздеріңде қалған ед тұнып нәрі.
Неше ғасыр өткенін біле алмадым,
Сен кездесіп өзімді ұмытқалы.

Толық

Сырға толы қарашық

  • 0
  • 0

Сырға толы қарашық,
Мен ішіңде кетсем бе екен адасып.
Ғаламатын былайғы жұрт сезбейді,
Отырар ед қарасып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар