Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 229
Сенделдім қу тірліктің соқпағында.
Өртендім аңсау-сезім аптабында.
Ілесіп ертісіңе, жырақ кеткен,
Туған жер,
Бір тамшыңды жоқтадың ба?
Елесім қалған сенде бала шақтан.
Тауың да биік мендік парасаттан.
Алаулап тұрады ылғи көңілімде,
Өзіңе нұрын төгер болашақ таң!
Дауысым қалып кеткен айғай шыңда.
Мың сан гүл!.. Қимаймын-ау қай-қайсын да.
Төккенде қызыл қайың жапырағын,
“сол байқұс қайда жүр?”-деп ойлайсың ба?!
Іңірдің қызылынан ұрттап алап,
Кісінер кер төбелім сыртқа қарап.
Тұрамын сәлем жолдап мен де өзіңе,
Бейуақытта көше кеткен бұлтқа қарап.
Қызың ем өзге жұртқа үлгі ететін.
Күзде де бүргеніңді гүлдете тұр.
Тия алман сені ойласам көз жасымды,
Бұлақтың көзіндей боп бұрқ ететін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Быйылғы көктем жай шықты

  • 0
  • 0

Қарлығаш қақты қанатын,
Сергіді менің көңілім.
Астында қардың қалатын,
Түледі байтақ өңірім.

Толық

Көзіме бір көрінсең..

  • 0
  • 0

Не болар сағынышты сарқып алса,
Сезімді өзге біреу тартып алса?
Қасыма кел демеспін, жолдар жабық,
Көзге бір көрінудің нарқы қанша?!

Толық

Таудан биік

  • 0
  • 0

Сезіміңді жасыру да бір мұң ғой,
Кірпігіме асылуда бұл күнде ой.
“Көзің талса тауға қара” дейсің сен,
Таудан биік саған қарап жүрмін ғой!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер