Өлең, жыр, ақындар

Кешір уақыт

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 253
Кешір уақыт, өткеніңе қарамай,
Қайырылмай кеткеніңе қарамай.
Мен оны әлі балайды екем өзіме,
Дәстүрлердің шектеуіне қарамай.

Екеумізде болған емес келісім,
Құр сүлдерім кезіп келед ел ішін.
Сол бір жанды жолықтырған мезетте,
Тоқтап қалған сияқтысың мен үшін.

Өткен күннен өшпейтіндей із қалды,
Сағыныш боп сарайымда күз қалды.
Ай күзеткен тереземді түн қалды,
Бір-ақ күнде мұңға оранған қыз қалды.

Сонан бері елесі оның биледі,
Қос жанары жүрегімді түйреді.
Уақыттың тоқтауына ілесіп,
Бұрымым да өспей қалды сиреді…

Неге ғана сол елеске еремін,
Қайырылмасын сезсем дағы кеменің.
Сол бір жан кеп тартқанынша қолымнан,
Кешір уақыт, сенің де жоқ керегің…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жар дегенің

  • 0
  • 0

Жар дегенің жарты деген сөз екен,
Құралдың ба бүтінделдің онымен.
Ғұмырыңның жартысы да сол екен,
Қалған күнді бірге өткіз жөнімен.

Толық

Қасым руқымен қауышыу

  • 0
  • 0

Толғамды жыр туралы той жасайтын келді күн,
Туған елге тау болып елестейсің сен бүгін.
Жүздесуді өзіңмен тағдыр бізге жазбапты,
Бізге алғаш жетті әнің, онан кейін өрлігің.

Толық

Ай жүзіне көп қарап

  • 0
  • 0

Ай көзінде сағыныш бар,
Айдың жүзі толғанмен.
Таусылмайды табыныстар,
Кейде жарты болғанмен.

Толық

Қарап көріңіз