Өлең, жыр, ақындар

Ай жүзіне көп қарап

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 408
Ай көзінде сағыныш бар,
Айдың жүзі толғанмен.
Таусылмайды табыныстар,
Кейде жарты болғанмен.

Көк жүзінде дөңгеленсе,
Зорға шыдап тұр шыдам.
Жақындауға дәрменің жоқ,
Табынасың сыртынан.

Кейбіреулер айға қонды,
Білемін деп лепіріп.
Сұп-суық бір орын берер,
Қарсы алғаны өтірік.

Айдай аппақ арманыңа,
Талпынғаның жақсы-ақ қой.
Ай өзіне жеткізбейді,
Сондықтан да аппақ қой.

Көк жүзінде дәңгеленсе,
Оянады үмітің.
Қалай ғана ұмытарсың,
Айланып жүр күні-түн.

Терезеден сығалайды,
Жалғыз қалған кезіңде.
Басқа жанға сездірмейтін,
Ай куә ғой сезімге.

Мешіттерге ай мүсінін,
Қойды сонсоң кемеңгер.
Айға ұқсатып айна жасап,
Берді аруға шеберлер.

Күн бейне бір көк жүзінде,
Күйіп жанған өрт жігіт.
Салқын ғана ай қарайды ,
Айнымасқа серт қылып.

Ақша қар да,ақ мақта да,
Бола алмайды сендей ақ,
Бірі еріп, бірі кірлер ,
Сағынышты жеңбей-ақ.

Ақ арман да,ақ сезімде,
Бола алмайды сендей ақ,
Жеткен күні баран тартар,
Екі сөзге келмей-ақ.

Ең әдемі қыздың жүзін,
Саған теңеп жатады ел.
Ей адмдар айға ұқсатқан,
Бөбегіме бата бер!

Тек сол үшін құрақ ұшам,
Қиялымды ноқталап.
Тәңірімнен сұраған ем,
Ай жүзіне көп қарап.

Сен мен үшін үйдегі айсың,
Бір алладан несібің.
Бесікте азан шақырды апам,
Айжүз деді есімің.

Екі айға жыр арнамай,
Қалай ғана жайланам?
Көктегі аймен сырласамын,
Үйдегі айды айланам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн еді

  • 0
  • 0

Түн еді келе жаттық ыйықтасып,
Шашыммен жел ойнайды тійіп қашып.
Сол түнде келе жаттық тек екеуміз,
Даламенен қаланы ұйықтатып.

Толық

Есімде

  • 0
  • 0

Алдың ба арбап білмеймін көзіңменен,
Кеттім бе еріп білмеймін сезімге мен.
Кімнің тойы екені есімде жоқ,
Билегенім есімде өзіңменен.

Толық

Таусыз жерде тұра алман

  • 0
  • 0

Сисам таудың құшағына сиярмын,
Жүйріктігін қарасаңшы қиялдың.
Тез жетем деп отырғанмен ұшаққа,
Тау үстінен өткен кезде ұялдым.

Толық

Қарап көріңіз