Өлең, жыр, ақындар

«Батыс-шығыс диванынан» ҺИЖРА

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 285
(1814)

Теріскей, Күнгей, Түн жақта
Патша жоқ, тақ жоқ бұл уақта,
Аттан сен алыс Шығысқа,
Ауамен көне тыныста,
Махаббат, шарап, жыр елін
Жаңғыртып, тірілт жүрегін.
Пендесі хақпен тілдескен,
Сұхбатпен сұлу күн кешкен,
Азат боп елі шер, дықтан,
Тәңірінің нұрын жерде ұққан,
Сөзін ұқ сонда нәбидің,
Қалпына түсіп сәбидің.
Дініне берік затында,
Көнбейтін көлгір ақылға,
Саф таза, сара тіл деген,
Өйткені жазу білмеген.
Дұшпаннан айыл жимайтын
Елді көр қартын сыйлайтын..
Аулақ кет, аяр, мекер кіл,
Тұратын ақын мекен — бұл,
Жыр шалқып енді кетеді,
Жаннатқа барып жетеді,
Есігін жайлап қағады,
Өшпейтін өмір табады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Той суреті

  • 0
  • 0

Өлең, жырда марапаттап жатамыз,
Бір графты даңқы менен аты аңыз.
Немересін үйлендірді, ішіп-жеп
Дуылдастық — сол ғой біздің батамыз...

Толық

Көздері-ай маған қараған...

  • 0
  • 0

Көздері-ай маған қараған...
Есімде ерін, төсі де...
Жүрегім, тәнім жарадар —
Бәрі жоқ. Бәрі есімде.

Толық

Май жыры

  • 0
  • 0

Айналам масайрап,
Әндетті, гулетті.
Гүл жайнап, құс сайрап,
Лаулатты күн көкті.

Толық

Қарап көріңіз