Өлең, жыр, ақындар

Май жыры

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Айналам масайрап,
Әндетті, гулетті.
Гүл жайнап, құс сайрап,
Лаулатты күн көкті.
Сылдырап жапырақ,
Бұталар ырғалып,
Сұңқылдап жамырап,
Шоқ талдар ым қағып.
Осынау мәз күнді,
Кеудеме тұндырсам! —
Естіп шат наз үнді,
Жаңғырсам, құлпырсам!
Махаббат — дүние,
Мәз-мейрам келбетің.
Жасадың сүюге,
Жайнатып жер бетін.
Бердің сен мейріммен,—
Бағың гүл ұсынды.
Бердің дән егіннен,
Шырындай сусынды.
Кел, досым, тезірек,
Еркеле кеудемде!
Өзіңдей елжіреп,
Ғашықпын сәулеңе!
Табады ландыштар,
Орманнан саяны.
Аспанға зар құстар,
Қанатын жаяды.
Ал маған бір ғана,
Махаббат сыйын бер.
Сонымен нұрлана,
Жүрегім сүйінер.
Сүйе біл, досым сен.
Алдыңда бағың бар.—
Махаббат хошымен,
Бақытың табылар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жігіт пен диірмен

  • 0
  • 0

Қайда ақтың өзенім, Неге асықтың?
Мұнша неге мәз едің, Тез тасып тым?
Не іздейсің бұл сайдан, көк майсадан?
Не іздейсің, өзенім, айтшы маған?

Толық

Құдай мен биші

  • 0
  • 0

Магадаев, әлемді билеуші,
Бізге алтыншы рет те түспестен,
Үлкен-кішінің бәріне де,
Өзі келіп жолықпаққа,

Толық

Белиндаға

  • 0
  • 0

Несіне мені шақырдың,
Салтанатты думанға?
Қызығы жастық шағымның
Өткенде шағын ұямда.

Толық

Қарап көріңіз