Өлең, жыр, ақындар

Түнек кетіп, жалғасты

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 279
(1827)

Түнек кетіп, жалғасты
Алшақ белдер жақындап.
Жанды көкте, алғашқы
Алтын жұлдыз жарқырап.
Тайды бәрі, жоғалды,
Қатпар тұман ыдырап.
Түнектің түсі сұрланды,
Ұйқылы көл жылтырап.
Аясынан шығыстың
Туар ай, міне, толғанды.
Шыбығымен шіліктің,
Ойнап толқын ырғалды.
Сәулесі жарып бұлдырды,
Ай толықсып тұр көкте.
Самал сипап жүзіңді,
Енеді біздің жүрекке.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма

  • 0
  • 0

Ұсынып өзінің тек атын алға —
Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма?
Силап бір сырнайшы да, тәлім тұтып,
Өзінен асқан бар деп мақұлдар ма?

Толық

Құл қызметші мен диірменші қыз

  • 0
  • 0

Құл қызметші:
Қайда? Тоқтағын!
Маған тіл қатшы!
Аты жөнің, есімің кім?

Толық

Өзін өзі ақтау

  • 0
  • 0

Өзімнің өткен сыбдырлы күндерімді
Көзіммен мен қалайша оқып көре аламын...
Және де жапырақшаларды іздеуменен
Бір үйден бір үйге жүгірумен сандаламын!

Толық

Қарап көріңіз