Өлең, жыр, ақындар

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 484
Ұсынып өзінің тек атын алға —
Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма?
Силап бір сырнайшы да, тәлім тұтып,
Өзінен асқан бар деп мақұлдар ма?
Шындық қой мұнысы да, көз салып көр,
Өзгені зор тұтқаның — өзіңе сор.
Ұсынсаң өмір жолын өзгелерге,
Өмірде өзіңе тек кезігер тор.
Көрдім мен талай шенді ұлықтарды,
Күндейтін бірін-бірі бүлік жанды,
Құлмақты құмалақтан айырмайды,
Жасауға шебер түрлі қылықтарды.
Сақтауға тозған абырой, шірік істі,
Кемітер олар жаңа сыпырғышты;
Ал жаңа сыпырғыш та мансап үшін,
Мән бермес ескілікке, сыры күшті.
Бір-бірін халықтар да сөгін, тілдеп,
Мұқатып жүрген жоқ па қастық тілеп.
Білсейші халық біткен, бәріңде де
Ежелден бір емес пе мақсұт-тілек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Амур – суреткер

  • 0
  • 0

Биік жартас төрде отырмын мен таң ата,
Қызыға қарап сәрілеп атқан таңда, тұманға,
Қызыл, қоңыр түрлі түске боянып,
Ұзына бойы созыла кең далаға тараған.

Толық

Парабаза

  • 0
  • 0

Тұрғанда бұрқап жыр жаның
Қиялға құл ең өзің де.
Білсем деп өмір сыр-мәнін,
Асықтың білім, сезімге.

Толық

Зылихаға

  • 0
  • 0

Төгемін деп толқын жұпар,
Алқына алған демдеріңе,
Азап шегіп, болып іңкәр,
Жүз гүл солды шөлмегінде.

Толық

Қарап көріңіз