Өлең, жыр, ақындар

Келесі жұп

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 318
Махаббат — күш, күш жоқ оған тең келер,
«Не пайда одан?» — деседі кей пенделер.
Бұл махаббат ақша да емес, билік те,
Ер жігітке дем береді тірлікте...
Болмай ма ой жүгіртпей-ақ сан-саққа.
Вамика мен Азраны алсақ та.
Кім түсінбес сезімдерін олардың,
Атын айтсаң, жанарларға толар мұң.
Хикаясын қайғылы бұл адыздың,
Білмейді әлем. Білсе, білсе — нағыз мұң...
Білмейді әлем, бірін-бірі сүйгенін,
Сүйгені үшін махаббатқа күйгенін.
Үндемелік. Қоспайық еш тосын жай,
Махаббаттың мән-жайы, дос, осындай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хафизге

  • 0
  • 0

Қайран Хафиз! Қайтып саған тең келем?
Мынау неткен сандырақ!
Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,
Айдын жарып жарқырап.

Толық

Әннің түлегі

  • 0
  • 0

Көкорай шалғын далада, көк орманда,
Жүріп келем, көңілім шатnыққа бөленіп.
Еркінсіп, еркелеп ән айтамын,
Әнімді үндестіргендей болып.

Толық

Босату

  • 0
  • 0

Жәннәт төрінің есігінде,
Мен қарауылдық қызметті атқарамын.
Жауап бергін, келімсек,
Сен, меніңше, біздікі емессің!

Толық

Қарап көріңіз