Өлең, жыр, ақындар

Хафизге

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 363
Қайран Хафиз! Қайтып саған тең келем?
Мынау неткен сандырақ!
Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,
Айдын жарып жарқырап.
Желкен шалқып, жүйткір әрі қасқайып,
Батыл қайық, бас қайық.
Ол шегінбес сұрапылдан жасқанып,
Өрге жүзер қасқайып.
Сенің жырың кейде өзендей ағынды,
Сусын берер қандырып,
От толқындай кейде шашар жалынды,
Жүрегімді жандырып.
Жайнашы таң, құдіретті пішінде
Медет берші маған да,
Елестейді жарқын өлке, түсімде
Құмармын сол ғаламға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаным, сүйіктім, көрем сені...

  • 0
  • 0

Мың түрлі құбылып жасырына алсаң да сен, –
Жаным, сүйіктім, көрем сені,
Сиқырлы жамылғыштың астында жасырынсаң да, –
Қайда жүрсең де, көрем сені.

Толық

Ақын

  • 0
  • 0

Ессіз болма,
Есігіңді аш айқара, келген жанға!
Адам болдым мен бұл әлемде,
О дегенім – өмірде күрескермін!

Толық

Кеткен жанға

  • 0
  • 0

Өңімде де түсімде де көрінбестен,
Қоштаспастан кеттің бе сен?
Сенің берген уәдеңді, сөзің менен дауысыңды
Есімде сақтап, бүгінде ұмытпадым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар