Өлең, жыр, ақындар

Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 635
Тағдырын алты ғашықтың,
Білсін деп жұртым, асықпын.
Түсінген оны кәрі-жас,
Сезінер сырын, жаңылмас.
Рүстем мен Рудабтың
Жүрегі сөзден сайраған...
Күйінген Жүсіп — Зылиха,
Сезімге мәуе жаймаған.
Үйірген Фархад — Шырынды,
Тасқынды сезім тажалдай.
Көрінген Ләйлі — Мәжнүнге
Айырылысу бір сәт ажалдай...
Жәмил менен Ботайна —
Айнымай серттен қартайған.
Сүлеймен мен жарына,
Өмірдің өзі марқайған.
Осыларды ойға түйген жан —
Ақықтай асыл сүйген жар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңшының кешкі әні

  • 0
  • 0

Серуен құрып, аң аулап келем далада,
Тоғайларды аралап, қолымда мылтық..
Сенің жарық нұр жүзің
Көз алдымда елестеп,

Толық

Жыр сыры

  • 0
  • 0

Жырда қандай нақыл бар,
Күші неде анықта?
Ұғып соны ақындар.
Мақұлдасын халық та.

Толық

Жалғыз және барлығы

  • 0
  • 0

Қоштасып өзімен-өзі мәңгілік,
Тиместен залалы ешкімге де –
Шексіз дүниеге кетті еріп.
Адамзатқа беріп ақыл-ойды,

Толық

Қарап көріңіз