Өлең, жыр, ақындар

Жыр сыры

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 310
(1814)

Жырда қандай нақыл бар,
Күші неде анықта?
Ұғып соны ақындар.
Мақұлдасын халық та.
Махаббаттың лебімен,
Әуелі жыр шалқысын.
Тәтті үнге төгілген,
Наз жүректер балқысын.
Содан соң, жырда бал шырын.
Жақұттай бір жайнасын
Елтіп соған ғашығың
Жарыса бір сайрасын.
Содан соң ата салтымыз,
Бас, батырлық айғайға,
Тәңір тұтқан халқымыз
Жеңген ерді майданда.
Ақыры, отты жүрекпен
Қарғыстап бар сұмдықты,
Жырлайық ізгі тілекпен
Барлық ғажап шындықты.
Шықсын осы төрт әуен,
Баяғыша жаңғырып,—
Хафиздей сонда болып сен,
Елің сүйер мәңгілік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Рахатты өкініш

  • 0
  • 0

Бәрінен де жасырған!
Бірін бірімен ұрыстырған!
Тек қана даналардың құпиясына сеніңдер:
Өлімнің от жалынына барып түссе егер,

Толық

Алғы налыс сөз

  • 0
  • 0

Махаббаттай мұң сырым,
Қаламын ашпай булығар.
Жапырақ теріп мен жүрмін.
Жұбатып ойды, зілі бар.

Толық

Көл жағасында

  • 0
  • 0

Шіркін өмір, көңіл-күйім, тыныш бағып,
Еркін, кең тыныс алам.
О, табиғат, қандай керемет бал шәрбат,
Сенің құшағыңда бірге болған!

Толық

Қарап көріңіз