Өлең, жыр, ақындар

Ақ қарды көріп-ақ екен дегем, алданғам

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1923
Ақ қарды көріп- ақ екен дегем, алданғам.
Жүгіре шықтым-жолығар деумен таңда алдан.
Күннің де жаным, сәулесін сен деп қабылдап,
Көңілімде менің жүретін кірсіз, сәнді арман.
Бір тылсым барын байқадым сонда түн атты.
Не білдің, неге жұлдыздар төмен жиі ақты?
Тығылып қалып, қайтадан жанаған жұмбақ от
Аспанда жүрген періште қыздар сияқты.
Аппақ ұлпалар асықты Жерге құлшынып.
Жалғасы болар ақ ғұмырлардың -тіршілік?
Уақыт осы, ұмытылады. Ал ертең
Басталып кетер басқа бір қызық Күн шығып.
Қашты ма алып біздерді алыс жүрдек Күн?
Махаббат деген қар жауған ғана түн деппін.
Алақанымда сәл суық, мамық ұлпаның
Түбінде еріп кететінін де білмеппін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме

  • 0
  • 0

...Бар, бар екен бақыт деген расында!
Ұқсайды екен бұрқасынға, жасынға!
Ол да мендей өркөкірек, өзімшіл,
Өзге нәрсе армандайды қасымда!

Толық

Ұйықта, балам, ақ түн бұл

  • 0
  • 0

Ұйықта, балам, ақ түн бұл
Айлы түннен аумаған.
...Ала-құла шапқынның
Арасына байланам.

Толық

Бар деумен...

  • 0
  • 0

Бар деумен бас ұрмадым мынада асыл,
Әлденеге жатпадым кінәласып.
Көзің салғын біз жаққа, ей, Мәңгілік!
Жапырағы өлер тал құлағасын.

Толық

Қарап көріңіз