Өлең, жыр, ақындар

Ұйықта, балам, ақ түн бұл

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2289
Ұйықта, балам, ақ түн бұл
Айлы түннен аумаған.
...Ала-құла шапқынның
Арасына байланам.
Мұңына да ешкімнің
Ұқсамайтын бұл қайғым.
Мың ораған көш. Түннің
Үнсіздігін тыңдаймын.
Алды-соңы мен емес
Ойға оранған орманда.
Не деп мынау желеді ес?
Жылдар өтті арманда.
Аңсап жаным ел түнін.
Айдала. Түн. Қамықтым.
Ой бұлттарын серпігін,
О, анық түн, тамұқ түн!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аласапыран мына күн

  • 0
  • 0

Жоқ жоғалтқан сияқты жоқшы ма аспан?
Құс жолының ізінде қандай белгі?
Болмыс бізге дейін де көп сынасқан,
Аласапыран мына күн алдай ма енді?

Толық

Азап қой бұл. Өзің-ақ мойындашы

  • 0
  • 0

Азап қой бұл. Өзің-ақ мойындашы,
Арамызда ұқпас сыр жойылмасы.
Қинамашы. Сезімді жылатпашы.
Көрінбеші көзіме. Жырақташы.

Толық

Көзімді ашсам

  • 0
  • 0

Көзімді ашсам
Көлденең жосылар сағым.
Көгілдір күндер
Дейсің ба қосылар шағың.

Толық

Қарап көріңіз