Өлең, жыр, ақындар

Орман патшасы

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 561
(Баллада)

Құйғытқан кім түнек түнде сұп-суық?
Балалы шал келе жатыр тым суыт.
Қалтырады балақайы жабысты,—
Тоңды ма деп құшағына шал қысты.
«Мұнша неге қалтырадың нәрестем?»
«Орман-патша жарқ етті бір елеспен,
Сақалы мол, тәжі қара, жайнаған»,—
«Ол тұман ғой, су бетінде ойнаған»
«Ей балақай! Қара маған, кел бері!
Мәз мереке ойынның бұл кең жері.—
Жақұт гүлдер, меруерт сулар осында,
Алтын орда — берем сендей досыма!» —
«Әкетай-ау, орман-патша тіл қатты:
Бермек маған шаттық алтын, қымбатты».
«Жоқ бөбегім, естігенің ол емес,
Жел тербеген жапырақтар берді елесе.—
«Ей балақай! Келші бері, көрейін,—
Ормандағы қыздарымды берейін.
Сол қыздарым сеніменен бір билеп,
Ай туғанда ұйықтатады әлдилеп» —
«Әкетай-ау, орман патша ымдады,—
Бұталардан қолын қыздар бұлғады» —
«Жоқ бөбегім, еш кім де жоқ бұл маңда,
Ол талдар ғой бұлғақтаған орманда!» —
«Балақайым, көркіңе мен құштармын,
Қайда қашсаң, бәрі бір мен ұстармын» —
«Әкежан-ау, орман-патша ұмтылды,—
Тұншықтырды, әкетті ғой ырқымды!».
Қорықты шал, ұшты аты да зымырап,
Жылап бала, дауысы шықты шырқырап.
Жеткізбеді, шал шықты қыр жолына,—
Бірақ бала өліп қапты қолында...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең және мүсіндеу

  • 0
  • 0

Мейлі грек, қара батпақ балшықтан,
Соға берсін әсем, кербез сымбатты,
Мейлі мәңгі сол мүсінге болып таң,
Төксін лебін жалын атып тым қатты.

Толық

Таптым

  • 0
  • 0

Орманды аралап кезіп келем...
Айналам қалың тоғай,
Еш нәрсемен де есім жоқ.
Байқап қарасам бірде,

Толық

Таңғы шағым

  • 0
  • 0

Айтшы маған, еркем менің,
Алдарқатпай көркіңмен,
Аз болды ма өртенгенім,
Неге тайдың сертіңнен?

Толық

Қарап көріңіз