Өлең, жыр, ақындар

Геолог айтқан ән

  • 04.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1653
(Геология-минерология ғылымының кандидаты, геолог Мақаш БАЛҒЫНБАЕВҚА арнаймын)

I
Бір арман кетпей есінен,
Шам сөнбей терезесінен.
Қазына теңін ашсам деп,
Далиған дала төсінен
Ұйқысыз өтті жыл-айлар.
Күлкісіз өтті жыл-айлар.
Картаға сызды сеніммен,
(Бұл байлам емес тегінен)
«Тереңде, тұздың астында,
Шалқыған теңіз—мұнай бар».
(Ғылым-ай, ғылым бүгінгі)
Геолог тағы қазбадан,
Шыққан тастарға үңілді
«...Тұз күмбездерінің астында,
Газ қоры бар, мұнай бар...»
(О-о, адам!
Сенде екен қадір-қасиет,
Сенде екен небір нұр ойлар).

II
Асқақтықты әркезде,
Жүреді ғой сүйіп жан.
Даңқыменен бар көзді.
Тартты өзіне Биікжал1,
Есекқырқа жал еді.
Бұрын елсіз бұл ара.
Көкке қарап ал енді,
Орнықты алып мұнара
Батыл жетіп шықсаңыз
Ұшар басы тым биік,
Ал, түбі ме... ұқсаңыз
Тұңғиық-ау, тұңғиық.
Бұл жерде көп сыр қилы,
Күйі де өзге толғаған
Бұрғы жерге сүңгиді.
Тереңдіктен сыр тартып
Бұрын-соңды болмаған
Барлаушының бәрі де,
Бұнда істеген от кеуде.
Құпия көп әріде,
Қажымастан зерттеуде,
Бәрі бірге қуанып,
Бәрі бірге алаңдар.
Жер осьіне жіберіп,
Тізбек-тізбек колондар.
Бұл мекеннің түні де,
Самаладай арайлы
Қарап көрші үңіле,
Мұнараның басынан
Жұлдыз күліп қарайды
Арман болса қыр кезген,
Жүреді ғой сүйіп жан
Геолог айтқан бір кезде,
Фонтан атып Биікжал.
Ақшулан толқын (шіркін-ай)
Жатар мүмкін сүйіп жар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайшыбай жездеммен әзіл

  • 0
  • 0

Қайшекемнің көрік үйі бар еді,
Құрқылтайдың ұясындай тар еді.
Жем өзені баяу ғана ағатын,
Арғы беті жазықтау,

Толық

Мұнай – дәулет, мұнай – сәулет, мұнай – жыр

  • 0
  • 0

Не қиындық болсадағы шыдайды ұл,
Өзіңді-өзің төзімге сап сынай біл.
Туған жердің жарып шыққан құрсағын,
Мұнай – дәулет,

Толық

Ұсыныс

  • 0
  • 0

– Көздеріңнен ерекше нұр аламын, жаным,
Сенсіз қалай мен өмір сүре аламын, жаным.
Іздегенде күнім боп табыласың ба, жаным,
Жүрегіме гүлім боп тағыласың ба, жаным.

Толық

Қарап көріңіз