Өлең, жыр, ақындар

Торғай мен сәби

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 246
Секектейді торғай асфальт үстінде...
Томпаңдайсың соған қарай сен де ұшып.
Құлыным-ау, қанат кімде, күш кімде, —
ойладың ба, тұрған жоқсың тең түсіп.
Секектеген торғай ұшып барды да
қона қалды бұтағына жас талдың.
Дейді саған:
«Жетемін деп қарғыма,
ұстатпаймын, келгенімен бас салғың!»
Жыладың сен,
болмаған соң дегенің,
торғай түсті жерге қайта секіріп.
Жақсылыққа жорып оның себебін
қайта ұмтылдың мақсатыңа бекініп...
Ұстатпас деп көзің соған жетті ме,
тұра қалып тас лақтырдың асыға.
Ал торғайың секек-секек етті де,
қонды барып биік талдың басына.
«Неге түстің сонша менің соңыма, —
дейді ол енді,— жай ойнасаң болмай ма!?
Дап-дардай боп тас аласың қолыңа
сес көрсетіп кіп-кішкентай торғайға!»
Балақан-ау, кендесің ғой ойға әлі,
бірақ та сен ойыныңнан бас тартпа!
Ұстатпайды тас атқанмен торғайлар,
дәнің болса шаш одан да асфальтқа...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жерім

  • 0
  • 0

Менің жерім...
Эфирден ән естілді,
Қайталадың сол үнді сен неліктен...
Жерім деп сол ән салған нәресте үнді

Толық

Зейнептің киіз үйі

  • 0
  • 0

Ән салдырған Тастемір мен Досатқа
көрік қосып осы атқа,
Маңғыстауда, он саусағы өнер күйін төгілткен
бір келіншек тұрады екен Қошақта,

Толық

Дода

  • 0
  • 0

Жылы жерде бой күтіп, тәттіні ішіп
баптанбаған,
болмаған әккі, пысық,
Жапан түзде мал бағып біздің қазақ

Толық

Қарап көріңіз