Өлең, жыр, ақындар

Кiм бiледi?..

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 282
Кiм бiледi?..
Табиғаттың өз заңы өктем шығар...
Бүгiн бiрақ сәуле жоқ көктен сынар –
Мезгiлсiздеу қонақ боп келсе-дағы,
Сүп-сүйкiмдi жауып тұр көктемгi қар.
Кiм бiледi?..
Табиғат та өзiнше жарым көңiл,
Сағат санап, күн санап ағуда өмiр.
Ерте көктем ақ қар боп амандасты,
Жас-жаңбырын жасырып ағыл-тегiл.
Кiм бiледi?..
Табиғатқа тән емес пендешiлiк,
Өз уағымен әр мезгiл төрге шығып...
Бiр толқытып көңiлдi көктемгi қар,
Тамшы болып кетедi жерге сiңiп.
Кiм бiледi?..
Табиғат та жаңылар ырғағынан,
Көктемгi қар... сыр емес, мұң жамылған.
Қыста – жауын, жаз күнi қар аңсайтын,
Бiздiң көңiл – бiр тамшы жылға қуған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

Әттең, әттең...
бәрiн қиып кетер ем,
Өртенгенмен iшiм мың,
Баяны жоқ iсiм – мұң.

Толық

Өмiрдi кiтап демес кiм

  • 0
  • 0

Өмiрдi кiтап демес кiм,
Тағы бiр бетiн қайырдым.
Түкке де дайын емеспiн...
... Бәрiне-дағы дайынмын!

Толық

Ара – шалғай

  • 0
  • 0

Ара – шалғай:
сiзде – күндiз, менде түн.
Бiздiң жақта түн қымтаған жер бетiн.
Сiздiң жақта қызып жыбыр тiршiлiк,

Толық

Қарап көріңіз