Өлең, жыр, ақындар

Таңертең. Трамвайда

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 196
Әне, бiздiң трамвай жақындады,
Мен осылай қарсы алам күнде күндi.
Кондуктордың таңдай тақылдады,
Көрсетейiн жолақы-билетiмдi.
Жұрттың бәрi жұмысқа асығулы,
Жол сыңсыта шығарар баяғы үндi.
Бiр көлiкке мың тағдыр жасырынды,
Қарындас-ай, баспаңыз аяғымды.
Бұл қаланың талайға бесiгi – ырыс,
Қуанышы, мұңы да баяу ғана.
Түспейтiн ем, мен қазiр, кешiрiңiз,
Қандай едi келесi аялдама?
Бұл көлiктiң талай жан тосар толын,
Жаңа күнге жайменен бәрiн бастар...
Көзiмменен iздейiн, босады орын,
Отырсыншы аналар, қарындастар.
Өңiрлерiн түзеген, жөндеген боп,
Бозбалалар қыздарға жалт қарайды.
Бiр машина тұр, әне, көлденеңдеп,
Неге олар ереже сақтамайды?
Жүргiзушi, жолымды бөгемешi,
Мен уақтылы жетейiн жұмысыма.
Көңiлiме жалғыз-ақ медеу осы,
Ыстық мекен қаланың қуысында.
Тек сол жерде бәрiнен тұнып ойым,
Мен өмiрге қажеттi бола аламын.
Жұмыс iстеп моторша күнi бойы,
Трамваймен үйiме ораламын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достым-ай, уақытқа айтшы – «тоқташы» де

  • 0
  • 0

Достым-ай, уақытқа айтшы – «тоқташы» де,
Сыр бердiм шыдай алмай көп бәсiне.
Көшiнен қалмау үшiн жанталасып,
Жабымның теуiп келем өкпесiне.

Толық

Бүгiн сенiң туған күнiң...

  • 0
  • 0

Бүгiн сенiң туған күнiң...
Сыртта құйып тұр жауын.
Терезеге жақын келiп, жаңбыр үнiн тыңдадым.
Тамшы асығып, тырс-тырс тамып, салып жатыр есiме,

Толық

Сен менiң тылсым әнiм ең

  • 0
  • 0

Сен менiң тылсым әнiм ең,
Сағынып жүрiп тауып ем.
Жалығар ма екен сенен де,
Жалыққан жүрек бәрiнен...

Толық

Қарап көріңіз