Өлең, жыр, ақындар

Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 251
Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп,
Ойлай қалсаң, санаң – сарсаң, iшiң – у.
Ең қиыны – шаршап келiп кешкiлiк,
Бiр күнiңнiң босқа өткенiн түсiну...
Пенде үшiн мынау тiрлiк – күнде өлiм,
Қиял орап қойса да үлде-бүлдеге.
Күнде ертемен арғымақ деп мiнгенiң,
Аяңы да iш ауыртар бiрдеңе.
Дәл өзiңдей мың мұңлықтың қолын ап,
Өмiр дейсiң, бостан-босқа жүрiп те.
Тойдырмайтын нәпсiде де жоқ ұят,
Жоқ ұят та таусылмайтын үмiтте.
Күнә құшып, қараясың, кiрлейсiң,
Сәттiк қызық – жаныңа жұп астана.
Қайда бара жатқаныңды бiлмейсiң,
Тек тәубеңе түсiредi кеш қана.
Қалжырап кеп табысасың төсекпен,
Бiр сарынды неше айлар, неше жыл.
Кешке қарай күнге өкiнсең бос өткен,
Амал қанша, ертең тағы осы өмiр...
Өкiнiшiң өзектi өртер, өткен күн,
Бұл тiрлiктiң шуағы әлсiз, сызы көп.
Анда-санда бiр жарқ еткен сәттердiң,
Тым құрыса жұлдыз құрлы iзi жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

– Кездестiм, – дедiм, – көктеммен

  • 0
  • 0

– Кездестiм, – дедiм, – көктеммен,
– Шақ осы, – дедiм, – таңғы уыз...
Алыстап менен кеткенмен,
Өлеңiм болып қалдыңыз.

Толық

Бүгiн тағы көшемiн

  • 0
  • 0

Бүгiн тағы көшемiн.
Көшпендiмiн...
Көшiп жүрсем, ол менiң өскендiгiм.
Қорап көлiк үстiнде көрпе-жастық,

Толық

Жиырма бес

  • 0
  • 0

Жиырма бес – дариға-жас менен де өттi,
Жастық шақ алаңдатты, елеңдеттi.
Қуаныш сыйлап менiң бойыма шақ,
Маған лайық мұң болып өлеңдеттi.

Толық

Қарап көріңіз