Өлең, жыр, ақындар

Бәрi де өз еркiммен...

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 224
Бәрi де өз еркiммен...
бәрi, бәрi,
Менсiз де шырқалады әнiң әлi.
Қайырылмай өткен шаққа жүрсем де мен,
Бiр жүрген күндi көңiл сағынады.
Ай ауып, күн де еркiмен дөңгеледi,
Ұмытып кеттiң, мүмкiн, сен де менi...
Аялдама тұсында тұратын ем,
Шамды аңдып сен отырған бөлмедегi.
Қиялды асқақтатып, желiктiрiп,
Арбайтын сендегi ерек көрiк, қылық.
Қасымнан өте берiп бұрылушы ең,
Әдейi көрмегенсiп көрiп тұрып.
Үзiлiп сосын кенет достық әнi,
Жетелеп кеттi бiздi жастық әрi.
Кешқұрым сабағыңнан шыққаныңда,
Қазiр сол аялдама бос тұрады.
Сезiмнiң бағы неге кеш гүлдейдi?
Бiр сәттер толқыныңды кештiм, мейлi...
Кешқұрым сенiң ерке, нәзiк даусың,
Тұтқаның ар жағынан естiлмейдi.
Екеумiз жан емеспiз сертiн үзген,
Ортақ ән шырқалмайды ендi бiзден.
Мүлде бөлек бағытқа бет алдық па? –
Бәрi де өзiмiздiң еркiмiзбен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрекке алғыс

  • 0
  • 0

Кешемін тірлік бір таңнан асып бір таңға,
Тырысып бағып етек-жеңімді қымтауға.
Адам боп туып, шыр еткенімде, о, жүрек,
Кеудеме сені орнатқанына мың тәуба.

Толық

Бүгiн ай туды...

  • 0
  • 0

Бүгiн ай туды...
Қиық ай.
Бетiне сәуле де тұрақтай алмай.
Жайлы ай боларсың-ақ талайға...

Толық

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең

  • 0
  • 0

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең,
Жатқан-ды жүрегiмде қайнауменен...
Желкенiн желге төсеп кеттi-ау жүзiп,
Мезгiлсiз қайырлатып қойған кемем.

Толық

Қарап көріңіз