Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Әуезовке

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 516
Ағасын, бойың пілдей, ойың гүлдей
Гүл бояуын, кілемге шеккен түрдей.
Сол гүліңді сұрапыл дауылдарда,
Қойған да жоқ, қыраулы салқын үрмей.
Ертерек үсіді кей жапырағың,
Бірақ сені өсірген топырағың
Тамырыңды тоңдырмай соңғы жылдар
Тағы өстің көркі боп сахыраның.
Мақтан боп отаныңа туа білдің,
Кірленсең, асқындырмай жуа білдің.
Енді қайтып кірлемес, сембестей боп,
Лениннің каналынан суарылдың.
Осы еді тілегенім маған нансаң,
Секілді түтінденбей, білте май шам,
Кегіне туған елдің керік беріп.
Жұлдыздай күлім қағып қатар жансаң.
Бауырын, неге оған қуанбасын?
Бір кезде ақынды өзен су алмасын
Десем, енді айтарым: бұдан да мол,
Сабағың шешек атып жуандасын!
Гүл түрін, болсын інжу, лағыл, ақық,
Түспесін ендеріне дақ еш уақыт.
Бағында советстан, гүл жайнаған,
Сенімен қатар жасау қандай бақыт!

30 — январь, 1946.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Литва

  • 0
  • 0

Келеді жортып поезым,
Екпіндетіп бұлқына,
Алдымда Балтық теңізі,
Жағасында Литва.

Толық

Ақ аю

  • 0
  • 0

Июльдің жиырма бір күні
Балтық
Лепірді әлденеге тасып, шалқып.
«Арыстанның жалындай бұйра толқын

Толық

ІІІ — Тың толғауы

  • 0
  • 0

Хатыңды, ақын інім, ерте оқып,
Пайдалы сөзін ойға алғам тоқып.
Беруге іле жауап, көп қағаздың
Отырдым арасында, жатқан қоқып.

Толық

Қарап көріңіз