Өлең, жыр, ақындар

Туа бер, «Ту-104-ім»

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 248
Қозы менен құлынның бірі туса
Қуанатын басым-ай, бала шақта!..
Енді, міне, жетпейтін жел де, құс та,
«Ту-104» таңбалы міндім «атқа!»
Жер жарықтық бүркеніп ақ бұйра бұлт,
Қалып қойды жырақта буалдыр боп!..
Күн терезе көзінен күлімдеп жылт
Қарайды, «мені де кеп қуандыр!» деп.
Көгілдір ашық аспан теңізінде
Айдың неге бозарып қаны қашқан?
Қап қойған ба, қорқыныш сезімінде
Қаңбақ-шалдың сөзінен,—«сақ бол,
жасқан!..
Жасқанба ай, көзіңді шығарман мен,
Дәм жазып, тез арада бара қалсам.
Қуанарсың жерімде шығарған мен
Егін мен орманымды ала барсам!
Бұл жолы мен бет алдым,
Отанымның Батысы бір туысқан шет еліне,
Амандасып, «біраз күн жата келдім»
Демек боп Слован мен Чех еліне.
Олар кім ед, мен кім ем қырқ жыл бұры
Оған куә өздерін,— айым, күнім!
Қайсысы айтар, даламның ойын-қырын
Өз ойы мен қырынан кем деп бүгін.
Айта алмас, күмілжір көрсе егер,
Жолымды кетіп қалған, алдын орап.
Менен де олар үйренер білім, өнер,
Туысқанға, досына, теңге санап!
Тезірек ұш, «Ту-104», ойға алған
Мекеніме тезірек жетейін мен.
Мақсаты бір, жолы бір Чех — Слован
Еліне сені мақтан етейін мен.
Туа бер, «Ту-104-ім», көбейе бер,
Құлындарың сенен де болсын ұшқыр!..
Көліксің дүниеде ең мерейі зор,

Кедергі мен бөгет жоқ, саған ешбір!
1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аманкелді

  • 0
  • 0

«Қазақ! Халық батыры! Аманкелді!»
Деген күшті, зор атақ талай елді
Таңдандырды. Бір күні сол батырға
Тастан зіл, мұздан суық хабар келді:

Толық

Валерий Чкалов

  • 0
  • 0

Кеше кешке
Көшеде келе жаттым,
«Вечерняя Алма-Ата!»
— деп құлақтың

Толық

Большевик

  • 0
  • 0

Шым құрыштан Ленин шыңдап шығарған
Тасты тілген алмас қылыш — большевик
Бірін мыңға,
Мыңын шыңға,

Толық

Қарап көріңіз