Өлең, жыр, ақындар

Ыстықкөл

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Аалы Тоқамбаевтан

Айналасы асқар тау,
Жатады көлім мөлдіреп.
Бұйраланса толқындар
Жалында жүрек елбіреп,
Қанаттанып жырым да
Кетеді жайнап желбіреп.
Балдыр болып түбінде
Жатар ма едім, Ыстықкөл!..
Кеме болып белшеден
Батар ма едім, Ыстықкөл!..
Бал суыңды балықтай
Жұтар ма едім, Ыстықкөл!..
Тереңдеген сырыңды
Шешкім келеді, Ыстықкөл.
Қаздай қалқып суыңа
Түскім келеді, Ыстықкөл.
Тамшы суыңды таласып
Ішкім келеді, Ыстықкөл.
Жұпар шөптің бойында
Жүргім келеді, Ыстықкөл.
Сағат сайын сыңқылдап
Күлгім келеді, Ыстықкөл.
Толқын қылып өзімді
Үргім келеді, Ыстықкөл.
Қоймадағы кеніңді
Қазғым келеді, Ыстықкөл.
Қойныңда мәңгі бойымды
Жазғым келеді, Ыстықкөл.
Сыбырласқан сырыңнан
Наз үн келеді, Ыстықкөл.
Талай жасқа белгісіз
Барғасын-ау, Ыстықкөл.
Талай елді ұзатып
Салғансың-ау, Ыстықкөл.
Көрмей ғашық кісіге
Армансыз-ау, Ыстықкөл.
Маяк болып жарыңда
Тұрғым келеді, Ыстықкөл.
Жас баладай құшақтап
Сүйгім келеді, Ыстықкөл.
Міндетіңді бойыма
Үйгім келеді, Ыстықкөл.
Алыс кетсем жалтақтап
Көргім келеді, Ыстықкөл.
Жүрегімді қаласаң,
Бергім келеді, Ыстықкөл!
Сені қорғап, сен үшін
Өлгім келеді, Ыстықкөл.

1950



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі кездесу

  • 0
  • 0

Турксиб тұлпар теңселіп,
Тайпалған жорға секілді,
Тырсылдап болат тұяғы
Желпілед желге кекілді.

Толық

Тауға шыққанда

  • 0
  • 0

Алатауға қарасан,
Шөккен ақбас бурадай;
Найза шыңды еркештей,
Қарағайы шудадай.

Толық

Қызыл бұрыш

  • 0
  • 0

Майда жұмсақ жел ессе,
Желпілдейді туырлық,
Сықырлайды ырғалып,
Керегелер буылдық.

Толық

Қарап көріңіз