Өлең, жыр, ақындар

Дауылдан туған

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 252
(Николай Островскийге)

Ол дауылда туды да,
Дауылда қақты қанатты.
Сескене ме дауылдан
Дауылдай күшті талапты.
Бетке сабап балауса
Қанатымен дауылды.
Сынса да қанат сыр бермей
Демеді ол ауырды.
Шырқап шығып биікке
Төкті сөздің нөсерін,
Сеніп осы нөсерден
Гүл-бәйшешек өсерін.
Төңкерілген аспанға
Сырлы алтын ошақтай.
Дауылды нөсер артынан,
Шағылған күнге қосақтай.
Поэзия кегінде
Жайнады сұлу сөздері.
Мәңгі меруерт сөзіндей,
Өзі бірақ төзбеді.
Сынған қанат, суыққа
Шалынған жүрек ақынды
Жеңді. Оны жер-ана
«Кел, ұлым!» деп шақырды.
Ет жүрек ере алмады,
Жер-ана оны бөледі,
Жас қабірін жайнатты
Жайнаған сөздің веногі.

1934



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Максим Зверевке

  • 0
  • 0

Сүлеймен патшадан соң бар махлұқтың
Тілдерін түгел білген Мақсым ағай,
Деп,— «солардан жазылмас әлі жұппын!» —
Жетпістен жөнеп кетті әрі қарай.

Толық

Біздің күш

  • 0
  • 0

... Тыңдадым партияның үндеу сөзін,
Шымырлап бойды билеп толқын сезім.
Қайрат, намыс, кек, ыза араласып
Отырдым зорға ұстап бойымды өзім,

Толық

Еңбек туралы жыр

  • 0
  • 0

Болғысы келсе ақмақ
Менің берер кеңесім:
Жалқауланып жатып ап,
Еңбектен тартсын денесін.

Толық

Қарап көріңіз