Өлең, жыр, ақындар

Мұғалім

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 579
(Мұғалімдер мәслихатына)

«Әбжәт, аууаз, кәләман...»
Халық ішіне тараған,
Ел адасқан кезі еді.
Қанша жесе дәні жоқ,
Қасиетсіз мәні жоқ,
Нақ ботқаның өзі еді.
Бас қатып, жаттап құранын
Жұлып молда құлағын
Баланың миы су болды.
Елді «әбжәт» өсірмед,
Өсуге қайта кесір боп,
Өлтіретін у болды.
Қараңғы кедей көңіліне,
Қараңғы түкпір көріне,
Білте шамдар жағылды,
Өлім күткен осалды,
Өлуге қалған нашарды,
Демеушілер табылды.
Ол демеуші мұғалім,
Молда, байлар десті «жын»,
«Шоқынды» деген ат тақты.
Сөгіс, таяқ жесе де,
«Ит, шошқасын» десе де,
Қараңғыда шам жақты.
«А», «Б» деді,
«Т» деді, Хат тануын тіледі,
Үйретуден талмады.
Асықпай көпті береді,
Жалықпай көпті егеді,
Онсыз ел сауат ашпайды.
Басқанда елді қара түн,
Сәуле шашты мұғалім,
Аузынан нұр құйылды.
Ел көкірегін ашуға,
Бас қосып ақылдасуға,
Өңшең ұстаз жиылды.

1927



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұхтар Әуезовке

  • 0
  • 0

Ағасын, бойың пілдей, ойың гүлдей
Гүл бояуын, кілемге шеккен түрдей.
Сол гүліңді сұрапыл дауылдарда,
Қойған да жоқ, қыраулы салқын үрмей.

Толық

Большевик

  • 0
  • 0

Шым құрыштан Ленин шыңдап шығарған
Тасты тілген алмас қылыш — большевик
Бірін мыңға,
Мыңын шыңға,

Толық

Коммунистік татулық

  • 0
  • 0

Ең күшті дейтін «атомдық
Бомбаға» миллион татырлық
Бізде бір күш бар, есімі —
Коммунистік татулық.

Толық

Қарап көріңіз