Өлең, жыр, ақындар

Вильнюс

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 293
Сан ғасыр бұрын кеп түскен,
Балтықтың бойын сағалап
Қаланы, жолдас Шимкуспен
Келер күн кеттік аралап.
Тамашалар көрерлік
Көп екен қала бойында:
Халқының асқан шеберлік,
Андатар тапқыр ойын да.
Көз тартқан көркем сарайдың
Келе қалсам қасына,
Басынан кешкен талай күн
Таңбасы түскен тасына.
Көргеніне халықтың
Әрбір ойы кепілдей,
Талай томды тарихтың
Бұл үйлер бір-бір бетіндей.
Беттердің бәрін асықпай
Оқып түгел "қарасақ,
Литва халқын жасытпай,
Бастаған өрге болашақ.
Бостандықтың өрінде
Тізесін талай бүгіпті.
Ақырда, туған жерінде,
Қызыл туды тігіпті.
Тігіліпті қызыл ту
Төрінде де Вильнюстің.
Жоқ енді оған жығылу,
Жетпейді әлі еш күштің.
Сүйкімді Вильнюс, бұрын сен
Күн кешсең жаудан жасқана.
Тасытып ақын сырын сен,
Көркей енді, астана!..

1950



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сауыншы қыздар

  • 0
  • 0

Сары алтының себелеп сүйкімді күз,
Кең дала тұрған кезде тыныс ала,
Әнге шырқап келеді бір топ жас қыз,
Ортасында Мария Гурская.

Толық

Мен кіммін деп мақтанам

  • 0
  • 0

Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Маған жүрек, жан беріп, қан тебіренткен
Бір күні дамылдаса, жөнелем мен
Сапарға әкем, атам, бабам кеткен.

Толық

Күнді сонарлау

  • 0
  • 0

Күнді қуып біз шықтық Алматыдан,
«Ил-18» бейне бір оқ атылған.
Шалдырмай күн, түлкідей зымырады,
Дала, орман, таулардың қыратынан.

Толық

Қарап көріңіз