Өлең, жыр, ақындар

Еңбекші қазақ

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 495
(«Еңбекші қазақ» газетінің 3 жылдық тойына)

Төрт жылға аяқ аттадың,
Тебіренбей қарап жатпадың,
Тәрбиеші ананың
Адал сүтін ақтадың.
Жыланға қанын сорғызып,
Суыққа етін тоңғызып,
Жатқан елді ояттың,
Ұйқысынан тұрғызып.
Көрсетіп көзге жауларын,
Дұспанның құрған ауларын,
Достарына танытып,
Таптық жолдан таймадың.
Еңбекші бүкіл халықтың
Дос, дұшпанын таныттың,
Көрсеттің нұрын көзіне
Лениндік сәуле-жарықтың.
Түсіріп тура жолына,
Құрал боп оның қолына,
«Осыдан қол жазба» деп,
Түсірдің таптық жолына.
«Маркс, Ленин данышпан,
Бастап келген алыстан,
Көсемдерің сол дедің,—
Байлар соған жау, дұспан».
Шаруаға көз болдың,
«Былай ет» деп, сөз бердің,
Мұңы болса халықтың,
Кешіктірмей тез көрдің.
Надандықпен алыстық,
Ел жайымен таныстың.
Жетпей жатқан іс болса,
Аудара қарап қағыстың.
Талай істі бітірдің,
Көп міндеттен құтылдық.
Жаңа міндет бәрін де
Өткеруге тұтындың.
Маған да түсіп жарығың,
Міндетті талай таныдым.
Көрнекті болып жемісің,
Ілгері бассын адымың!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егістік

  • 0
  • 0

Балталап шапқан жаңқадай,
Жөнелгендей арқалай
Жерді соқа тіледі.
Жер үсті толқып жатқандай,

Толық

Ыстықкөл

  • 0
  • 0

Айналасы асқар тау,
Жатады көлім мөлдіреп.
Бұйраланса толқындар
Жалында жүрек елбіреп,

Толық

Майға сәлем

  • 0
  • 0

Мың сәлем саған,
Мәңгі, жолдас Майым!
Сен жылда жас жігіт боп келген сайын,
Жер жібек, барқыт киіп,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар