Өлең, жыр, ақындар

Алаңдағы ой

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 489
«Қалың елім қазағым»,
жасқа толып жанарым,
Үрей билеп есірген сұлап жатыр алаңым.
Желтоқсанның желіккен
желі сүйіп тұр үнсіз,
Еркіндіктің еңсегей
көкке асылған жалауын.
Шашын жайып жылайды
бір елестің сұлбасы,
Азаттығымды аңсаған көк бөрінің тұлғасы.
«Жеті басты жалмауыз
жерге кіріп кеткен» – деп,
Мінбелерден сөйлейді ауық-ауық бір басы.
Ұл-қызымның төгілген обалы мен сауабы,
Елдігімнің ертеңге айтар жалғыз жауабы.
Талықсыған бір үнді естіп жатып оянам,
Қобызымның кетеді мұңға толып шанағы.
Мұһмін болып туылып,
кәпір болып шоқындым,
Жатырында жалғанның
жәдігөй боп жетілдім.
Күнім үшін күлік жеп
алаңғасар күн кешпей,
Атой салып алаңда өлмегеніме өкіндім.
«Еркек тоқты құрбандық»
екендігін ұғынбай,
Бас сүйек пен қан ішкен
ғасырларда туылмай.
Ділім тозып, тіл шайнап,
өз-өзімнен жерідім,
Өртке оранған кешегі
рухыммен жылынбай.
…Құтылғаным осы ма
баста қарғыс құрсауым,
Мен отырмын тастағы
тарихыма мұң шағып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зуқа батырдың серті

  • 0
  • 0

«Астыңда қара жер болмаса,
Үстіңде көк аспан да болмайды.
Тәңірі бұйырған теңдік бұзылса –
Не ер кетеді, не жер кетеді...

Толық

Уағда

  • 0
  • 0

Жанарда жасын боп сөнген,
Хұсни дидарың ғайып.
Қабірдей сұп-суық бөлмем,
Түн жылар шаштарын жайып.

Толық

Алтайды аңсау

  • 0
  • 0

Алтайдың қысы тым ұзақ,
Алтайдың қысы тым басқа.
Қиялдан тұлпар мініп ап,
Шегесің сапар бір басқа.

Толық

Қарап көріңіз