Өлең, жыр, ақындар

Сегізінші март. Алматы. Түн

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 320
Боп-боз дүние...
Соншама сұлу болар ма бұл түн?
Жалғыздығымдай бәрібір қатал.
Өлі тыныштықты құшағына алып,
Сүттей жарық Ай мұнарға батар.
Баянсыз сұлулыққа неге байландым?
Үн-түнсіз мұңға батып...
Қай жерде отырып еске алдың?
Раушан гүлін иіскеп...
Менен де, өзіңнен де алыстап бара жатып.
Көп жылдар бұрын кешірген сезімнің,
Езілтер тұсы бар ма еді тағы?
Құтыла алмаспын қашып,
Түн парағына бір өлең жазып...
Кешірші мені!
Жылжыған жылдар,
Сарғайған хатыңды жадымда сақтар...
Анама бір шоқ гүл сыйлап қайтам,
Жабырқау сәтімді мейіріммен жасқар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ораза

  • 0
  • 0

Бір ұрттам қара суды аңқам кеуіп
Қадірін біліп, қанып ішпегелі қашан?
Мені илеген шебер қолдың табы қалған,
Дымқыл топыраққа маңдайымды басам...

Толық

Терісбұрау

  • 0
  • 0

Домбыра құлағын бұрап
теріс бұрауға түсірген,
Таңдайдағы әнің де
жүректі шытынатар еді.

Толық

Құлагер – ғұмыр

  • 0
  • 0

«Хұсни ғаламның құс жетпес...» қиыры,
Күңіренген көкжалдың көксеген үйірі…
Бөрілі байрағы желбіреп жол алды,
Оғлан ұланы Тәңірге сиынып.

Толық

Қарап көріңіз