Өлең, жыр, ақындар

Құлагер – ғұмыр

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 246
(Ілияс Жансүгіровке)

«Хұсни ғаламның құс жетпес...» қиыры,
Күңіренген көкжалдың көксеген үйірі…
Бөрілі байрағы желбіреп жол алды,
Оғлан ұланы Тәңірге сиынып.
Қара жол баяғы қалпында мүлгиді,
Тым ұзақ тартып ең шер толы бір күйді…
О, неге босады,
Даланың жүйкесі?
Кәрі жартас бетінен тамшылар сырғиды.
Тамшылар боялып жапырақ ніліне,
Түсімде ақсөңке сүйекке сүрінем...
«Самұрық ұя сап, балапан түлеткен,
Бәйтерек қалайша түбінен шіріген?».
Үркітті кімдерді
Ойыңның салмағы?..
Сол жылы өшкен шам ұзақ жыл жанбады.
Құлагер сүрінген далада мертігіп,
Ақсады аңдаусыз Алаштың арманы…
Жарасын жасырып жалайтын күн ұзақ,
Жаралы бөлтірік тау қарап ұлымақ.
… Далалар төсінде Құлагер – Қазақты,
Елестер қуады қолына құрық ап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сорлы құстар қайтыңдар

  • 0
  • 0

Сорлы құстар қайтыңдар,
Сарыала қаздар сағынышымды айтыңдар.
Быт-шыт боп кетті
көкірегімдегі күн – елес,

Толық

Ант

  • 0
  • 0

Бұл тұман сейілер,
Зарыққан сапарға сені іздеп шығайын.
Көкжиек сімірген –
Көп тарау, көк иірім жолдарым.

Толық

Ана

  • 0
  • 0

Ана!
Ағарған әр тал шашыңнан
өзімнің қайғымды көрем,
Жұрттан жасырып төгілген жасың –

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар