Өлең, жыр, ақындар

Қара бала қол жайып

  • 24.11.2015
  • 0
  • 1
  • 5952
Солқылдатып өмірдің сан сауалы,
Жүрегімнен, миымнан қан сауады.
Дүбір салған ішімде дүлей тасқын,
Сыртқа бұзып шыға алмай жар соғады.
Күннен-күнге тарылып ел тынысы,
Сезілмейді тірліктің серпілісі.
Алаң қағып әркімнің көзінде жүр,
Қасқыр тартқан тоқтының қорқынышы.
Қалай айтпай қаламын тіл барында,
Торғай кетсе қырғидың тырнағында.
Әлдеқашан ұмытқан аруақтар кеп,
Оятады ұйқымнан түн жарымда.
Тастағандай жанымды аршып отқа.
Алады кеп олар да сан сұраққа.
Уа, Тәңірім, аясаң егер мені,
Ақ бөкендей оқтиген қансыратпа!?
Қиылғанша жанымды қансыраған,
Көз жасыммен жуармын тамшылаған.
Көрге бірге шұбырып кірсе қайтем,
Қара бала қол жайып нан сұраған?..



Пікірлер (1)

Ерке Жамбылқызы

Мұқағали Мақатаев қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын ретінде ұнайды әр өлең жолдары мен үшін мәтебе ...

Пікір қалдырыңыз

Ұят шарпып бетімді

  • 0
  • 0

Ұят шарпып бетімді,
Арым қалай көз ілмек?
Ауа райы секілді
Ала-құла кезім көп.

Толық

Жұлдыздың жұмыртқасындай

  • 0
  • 0

Торғайдай миым тобықтай түйін түйе алмай,
Жастығым кетті сағымға сіңіп қиялдай.
Көшені кезген тәжіктің қайыршысындай,
Күндерден қайыр сұраймын енді ұялмай.

Толық

Жүрек толғауы

  • 0
  • 0

Өткеннің орны толмайды,
Өкініп жүрек толғайды.
Батасыз құлдар болғанмен,
Атасыз ұлдар болмайды.

Толық

Қарап көріңіз