Өлең, жыр, ақындар

Нарын

  • 24.11.2015
  • 0
  • 6
  • 36108
Абайламай айрылдым,
Ар жақтағы елімнен -
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен.
Теңім үлгі алмады,
Аузымдағы желімнен.
Істеген ісім кетті далаға,
Қашан өтіп шығам деп
Қайғырамын мен - дағы
Жайықтан арғы далаға.
Басқа қысым түскен соң,
Қайырылмастай күн болды
Қатын менен балаға.
Барсаң, сәлем айта бар
Ата менен анаға.
Жаудан аман жан қалса,
Қара орман - малым садаға.
Өлең айтып толғадым,
Көкірегімді басарға.
Қарадай отын жармадым
Тас қазанды асарға.
Махамбеттей мұңдыға
Енді келер күн қайда,
Ханға құрған шатырды
Сүңгіменен түртіп ашарға?
Алтын жақса жарасар
Жылтыраған күміске.
Он екі ата Байұлы
Жиылып келсе бұл іске,
Алты сан алаш ат бөліп
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке..



Пікірлер (6)

саламат

КЕРЕМЕТ .СӨЗ ЖОҚ. БАБАНЫҢ АРМАНЫ ЖОҚ, МӘҢГІЛІК ДЕГЕН ОСЫ.

Қарақат

Осыны шығарған адамға рахмет тез жаттам алдым

Myrza

керемет

Нұрболат

Исатай батыр мен ақберен ақын Мақамбет елімдеп өткен ерлерғой

Нұрболат

Исатай батыр мен ер Мақамбет ақын қайталанбас тұлғалар, елімдеп өткен ерлерғой

Бұлбұл

Қандай есім екен?

Пікір қалдырыңыз

Ұлы Арман

  • 0
  • 8

Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?

Толық

Әрайна

  • 0
  • 0

Әрайна, билер, Әрайна,
Арғымағым жарай ма?
Астыма мінген арғымақ
Күшіген жүнді, шал жебе,

Толық

Борай да борай қар жауса

  • 0
  • 0

Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!

Толық

Қарап көріңіз