Өлең, жыр, ақындар

Бір шоқ сезімнің тағдыры немесе Күлте

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Көрген жерден көз жазбай-ақ таныдым,
Бәлкім бұл да тағдырдың бір тіркесі.
Дәптерімде сақтаулы екен әлі күн,
Сен сыйлаған бір шоқ гүлдің күлтесі.

Жалт еткен сол жалғыз оқыс қимылдан,
Шашырады көбелектей үріккен.
Кезінде сен сол бір шоққа сыйдырған,
Сезіміңнің шашырарын біліп пе ем?!

Сырдың қиып тастағандай тірсегін,
Білмеймін ғой біздерге не жетпеді.
Екеуіміз өсірген сол гүлсезім,
Біраз бопты күлтеленіп кеткелі.

Сүюге енді жүрек мына ерінсе,
Өспей қойған қайта бүрлеп, гүл шығып.
Уақыт өте үп еткен бір жел үрсе,
Шашырады күлте сезім, күлте үміт.

Терезе алды сырласып ек жаңбырмен,
Есімде жоқ көктем бе еді, күз бе еді?!
Сол бір шоқты әлемдегі бар гүлден,
Балалық-ай биік қойған біздегі.

Бос елестен келед(і) бірақ безінгің,
Соқпағасын дүр жүрегің дүрсілдеп.
Тура осы күлте құсап сезімнің,
Салмағы да қалмапты ғой біртіндеп.

Ол кез кетті тебірене жыр төгер,
Жеткізбеген көкке екі елі төбеңді.
Сезіміңнің көзіндей сол күлтелер,
Желге ілесіп ұшып кетті. Жоқ енді.

Көңілді бұл күлте неге құм қылсын,
Тұтанғандай балалықтың білтесі.
Шумақ болып оралды ма кім білсін,
Шоқ сезімнің шашыраған күлтесі.

Қалыппыз-ау ештеңе де сезінбей,
Бұраң қағып бұлаңдаса түлкі өмір.
Балғын дәурен балалықтың көзіндей,
Қалсын енді естелікке күлте жыр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күйігімнен өлмейсің, Әке, менің

  • 0
  • 0

Күйігімнен өлмейсің, Әке, менің,
Келді менің әлемді мәпелегім.
Белесіңе тартасың биігімнен
Сүйегіңе таңба боп мас өлеңім...

Толық

Құрқылтай

  • 0
  • 0

Құрқылтай, құттай мына ұяң қандай?!
Құттай ұяң құт болсын, сүй арланбай!
"Көңіл сыйған жерге бәрі сияр" болса,
Жер әлем жылы ұяңа сия алғандай.

Толық

Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені

  • 0
  • 0

Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені -
Әкем маған, шешем маған өкпелі,
Жанарынан Ертіс тасып есерсоқ.
Кешіріңіз мені, Жүрек, көкөрім

Толық

Қарап көріңіз