Өлең, жыр, ақындар

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды

  • 24.11.2015
  • 0
  • 1
  • 11533
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!



Пікірлер (1)

BTS. offijctal

Өте керемет өлең бірақ жаттау қиые екен

Пікір қалдырыңыз

Адам ата сияқтанып

  • 0
  • 1

Адам ата сияқтанып,
ертеңгі алаң-елеңмен,
Ағаштардың аясында
сеп-сергек боп келем мен.

Толық

Аттандырып тым тәтті сәттерімді

  • 1
  • 4

Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.

Толық

Құдіретті комедия

  • 0
  • 0

Бұл фәниде жарты өмірді жасадым да, әрі астым,
Әрі астым да, қара орманға қапелімде жанастым.
Ойпаттағы опа көрген оң жолымнан адастым.
Ежелгі оның қорқынышын есте тұтып келемін,

Толық

Қарап көріңіз