Өлең, жыр, ақындар

Ей, асыл зат!

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 404
Ей, асыл зат!
Мен мүлдем өлiп-өшкен,
Көрген сайын көркiңдi көңiл өскен.
Бейiштiң самалындай лебiзiңе
Қалай шыдар жүрегiм ерiместен?!
Дəргейiңе зар болған Дəруiшпiн.
Қанып iштiм саумалын сағыныштың.
Қарлығаштың қанатын сұрап алып
Саған қарай келедi алып ұшқым!
Сен Аққусың ақшамда көлге қонған,
Мен Мəжнүнмiн адасып шөлде қалған.
Ғашықтардың арманы бар ма, сiрə,
Көз жасымен көңiлiн демдеп алған?..
Əрi қауiп бұл өмiр, əрi қатер,
Бiр Алладан басқаның бəрi бекер!
Пасықтардың кеудесi бықсып, бүксiп,
Ғашықтардың жүрегi жанып өтер!
Ғашықпын мен саған да, басқаға да!
Ғашық жүрек ғайбаттан жасқана ма?!
Бүгiн таңды атырсам тамашамен,
Ертең мəңгi жатармын тас молада…
Шайқап-төгiп шəркездеу шарабымды,
Қанға малған кезiм көп қаламымды…
Өзге түгiл, қара жер құшағына
Қайтiп қиям дəл сендей қарағымды?
Мен сезiмнiң құлымын күйiп-жанған,
Саусағыңнан сүйрiктей сүю де – арман.
Құмыраның iшiнен Құл боп шығып
Ғұмырыңды қорғаймын Диюлардан.
Айым өлең болған соң, Күнiм өлең,
Перiштенiң айналып бiрiне Мен,
Ғайып жақтан лезде ұшып келемiн де
Кiрпiгiңдi күзетем түнiменен.
Таң алдында…
Тəттi ұйқтап жатқаныңда
Менi, бəлкiм, табуың, таппауың да.
Пенделердiң Пейiшiн тамашалап
Перiштелер жүредi Қап тауында…
Ей, асыл зат!
Аумаған Хауа анадан,
Жер бетiнде жетер ме саған адам?!
Жалғыз сенсiң тiлектi қабыл алған,
Жалғыз сенсiң жүректi дауалаған!
Ей, Асыл зат!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушы

  • 0
  • 0

Бұл өмірге кім келіп, кім кетпейді...
Қанатты құс, қар жауса, дірдектейді
Қанжығасын қандаған жолаушыдай
Белден асып бесінге Күн беттейді.

Толық

Маған деген бейілің алабөтен

  • 0
  • 0

Маған деген бейілің алабөтен –
Теңіз бе екен,
тау ма екен,
дала ма екен?!

Толық

Өлгендер жақсы...

  • 0
  • 0

«Өлгендер жақсы...»
Ол рас, тірілер жаман...
Бірінен бірі, əйтпесе, түңілер ме адам?
Құбылстанға ұқсайды дүние мынау,

Толық

Қарап көріңіз