Өлең, жыр, ақындар

Күн кешкіріп барады, күн кешкіріп

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 457
Күн кешкіріп барады, күн кешкіріп,
Көкжиекті мүйіздеп тұрды ешкі-бұлт.
Қар мен мұзын қаһар ғып кетті мезгіл
Қиқы-жиқы шыңдарға мінгестіріп.
Күн кешкіріп кетіпті-ау, күн кешкіріп,
көлеңке мен күн жақты күндестіріп.
Күн-лағынан айырылып қалған қалпы
көкжиекте маңырап жүрді ешкі-бұлт...
Қарбалас қам жасасып жатыр бәрі:
"Шолпан" тұр желкесіне әтір жағып.
Шаптыртып "Ақ боз атты" жіберді аспан,
Құдайды қонақтыққа шақырғалы.
Шаң көшсе "Құс жолында" үзік, ұсақ,
болған жөн ақ бетіңе, қызығы, сақ.
Қалыпты төрттағандап "Жеті қарақшы",
жорғаның тақырдағы ізі құсап.
Бар білем не бір күнә, не бір жазық, —
"Үркер" де үрке алмай тұр тобын жазып.
Жасаған асау мініп келе ме деп,
оқшаулау қағылыпты "Темірқазық".
"Кіші аю" кірпік, қасын қағады шақ,
бір қылмыс жасап қойған бала құсап.
Қарашы: ұмыт қапты Ай бір шетте,
тұлпардан түскен алтын таға құсап.
Қонақ жоқ. Аспан дел-сал, тек тынады,
көп күтті "Шолпан" сұлу,
көп шыдады...
Қалыппын көкке қарап,
біреу түртіп:
"тағы да ұшырып па?" деп сұрады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақпа алдындағы қарт

  • 0
  • 0

Тау жақ шетте көк қақпа бар,
көк қақпа
ашылмайды деседі
анау-мынау тоқпаққа.

Толық

Қошалақ тауы

  • 0
  • 0

Көкшіл төбе.
Тау деген құр атағы,
дала күні құсап күні батады.
Өзіне тән бірақ аң, құс, даусы бар,

Толық

Бөрік

  • 0
  • 0

Әкелері тірі қайтқан майданнан
Құрбылардың шаттығынан қайғы алғам:
Сары тоғалы белбеу буынған бала
Мәз боп келді,

Толық

Қарап көріңіз