Өлең, жыр, ақындар

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп
нені айтады күлкі етіп, ертек етіп?
Селтең етіп бұрымы бала қыздың
аулада жүр күшігін еркелетіп.
Күн кешкіріп кетті ғой,
табақ тасып
жарым жүр, бала біткен қабаттасып.
Қонақтарға жалтаңдап, мен отырмын
домбырамның пернесін қадап басып.
Күн кешкіріп кетті ғой, мен ырғалып
Көкмойынға ұмтылам "омырғалы".
Көңіл үшін: болды ғой, қой демейді
қонақтарым тері-бас, темір-қарын.
Бұл жексенбі де өтті ме?
Әрине өтті,
жәй өтпеді, қарнымды қари кетті.
Жетпейді ғой басқа да, басқа да емес,
жетпейтіні уақыттың зар илетті.
Кетер деген үміт қой, ойбай, түңіл,
ұл тауып па ек біз осы тойлайтұғын?!
Не жаны бар бүгінгі құрдастардың
ойнағанда қонақ боп "ойнайтұғын?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескілік

  • 0
  • 0

Дүниеде "тозды" деген сөз қиын —
айтпас едім:
әттең, менің тозды үйім.
Аттап қалсаң — батқан сынды дүр салмақ,

Толық

Лумумбаның өлімі

  • 0
  • 0

Кеудемді кек болып тіреген
Сол өлім жәйлі бұл тірі өлең.
Сен-дағы бір үлкен жүрек ең,
Африка, түрегел!

Толық

Күй

  • 0
  • 0

Қысырақ па үріккен, саяқ па әлгі —
дүбір салды бір нөпір, таяп қалды...
Бурыл-шұбар топанын сай ақтарды —
дір-дір қақты тізелер, аяқ талды.

Толық

Қарап көріңіз