Өлең, жыр, ақындар

Әбілмәжін Жұмабаевқа

  • 09.06.2021
  • 0
  • 0
  • 287
Әбеке, Сіз бір ақылды ағасыз,
бастық болдым деп бақырмағансыз,
қарауыңызда жүрген інілеріңіздің
біреуіне тізе батырмағансыз.
Ақырын жүріп, анық басқансыз,
қазынаңыз болса — халыққа ашқансыз,
жамандық атаулы пәленің бәрінен
басыңызды аулақ алып қашқансыз.
Зердеге біткен зейініңізбен,
кісі де болып пейіліңіз кең,
сыртқа шығарып көрген емессіз,
қалса да көңіл кей ініңізден.
Өсетін ұлдай батырға қарап,
жаныма Сізді жақын бағалап,
Алдыңызды кесіп өткен емеспін,
әр сөзіңізді ақылға балап.
Тел өсеміз бе, теңесеміз бе, —
Көніп келеміз не десеңіз де,
Өзіңізден аумай жаралғандай-ау
Сіздің үйдегі жеңешеміз де!
Қадіріңізбен, сабырыңызбен
Көрген емессіз жаңылып ізден, —
Сізге тек ұзақ ғұмыр тілер ем —
санасып жатса Тәңірі бізбен!

9 қазан, 1999 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ылайым ықтиярсыз ырқыңды алса

  • 0
  • 0

Ылайым ықтиярсыз ырқыңды алса,
жүреміз жүз құбылып, жұртым қанша,—
бас шұлғып барлығына
енді бірде

Толық

Ағаш ат

  • 0
  • 0

"Жарашы деп пайдаға",—
ағасы атқа мінгізді.
Бұл да қарап айнала,
құлға балап жүр бізді.

Толық

Сен түгіл

  • 0
  • 0

— Сен түгіл,
ал ар еді көкми ұғып,
қалайша түсінбейсің!— деп түйіліп.
Апыр-ай, ауыр-ауыр сөздер айттың,

Толық

Қарап көріңіз