Өлең, жыр, ақындар

Сен түгіл

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 392
— Сен түгіл,
ал ар еді көкми ұғып,
қалайша түсінбейсің!— деп түйіліп.
Апыр-ай, ауыр-ауыр сөздер айттың,
арыма тие жаздап...
көп күйініп.
— Қайтеді қара аспанды төндірмесең,
алдыңда тұр суымай, мөлдір кесең,
Келіскен болар едім, уәжіңе
Мен ішкен удан татып көрдің бе сен?
Жігіттің жақпаса да бейпілдері,
осындай оңашада кей түндері,
жаныма жақындау ма деп қаламын,
"Жырыңды түсінбеймін",- дейтіндері.
Арманнан артық балап алдағы асын,
жүретін біреулерге таң қаласың,
тірлікте түрткі барын білген емес,
көзіне ілген емес жан баласын.
Қашан да қайрап ұстап қаруларын,
өмірде сезген емес налу барын,
Биікке жетпедім деп шаршамаған,
пейіштің аңсамаған аруларын.
Шетінен мыстаның де,
дұшпаның де,
болмай-ақ қойсын бізге нұсқа мүлде,
сендерден адалырақ керінеді
құбылған қырық рет қысқа күнде.
Білмейді өп-өтірік елге ұрсуды,
білмейді квпе-көрнеу көлгірсуді,
бөлінбей миы мыңға,
бұйымын да,
бұлақтан кереді артық мөлдір суды.
Солардың жібітпекке мұз көңілін,
күні-түні үгіттеп те түздегі үнін,
ап-ащы күлкімізге зар ұласып,
келеміз арып-ашып біз де бүгін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен — тойып кекіретін едің

  • 0
  • 0

Сен — тойып кекіретін едің,
мен — тоңып секіретін едім.
Сен — алқына беретін едің.
мен — тартына көнетін едім.

Толық

Күдік

  • 0
  • 0

Кім біледі,
кездейсоқта жат құшаққа кеп кіріп,
Көз жасынды әлдекімнің от-деміне кептіріп,
Мені құшқан ақ білектер айқасып-ақ басқамен,

Толық

Тақырып туралы жыр

  • 0
  • 0

Таппақ болып менен де ақыры мін,
Тар, деп те жүр біреулер, тақырыбың.
Қалай ғана тақырып тар болады,
Жапаныңды жаңғыртып жатыр үнім...

Толық

Қарап көріңіз