Өлең, жыр, ақындар

Түнгі телефон

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 273
Іздеп тауып ақыры өзің мені,
түн ішінде телефон безілдеді.
Үнің баяу естіліп аржақтағы.
ашуың да, аптығың сезілмеді.
— Білейін деп... жатты ма, жатпады ма,—
Кешір,— дедің,— кешірек қаққаныма.
Ұшып барғым келіп тұр осы қазір,
Түсіп қалдым деместен қақпаныңа.
Тілің тәтті,
өзің де ұяң едің.
— Иә,— дедім ақырын,— Иә!— дедім,
Бірге кешкен күндерді есіме алып,
тіршіліктің талай бір қия белін.
— Қақ төрінде қайқайып жатармысың?
Екеумізге,— дедің,— бұл ақырғы сын.
Жөн еді ғой бір келіп қайтқаның да,
айтқаныңда тұрмайтын қатынбысың?
Үнің баяу,
әлі де ұяң едің,
— Иә,— дедім ақырын — Иә!—дедім,—
есіме алып екеуміз бірге өткерген
тіршіліктің талай бір қия белін.
— Қалай ғана, құдай-ау, қорынбайын,
Сен шалжиып жатасың,
төрің дайын,
Келіп кетсең қайтеді?
Айтқаныңды
өліп кетсем — екі етпей орындайын.
Үнсіз ғана ішімнен безектедім:
— Жо-жоқ,— дедім — болмайды, жо-жоқ!—дедім,—
Мәңгілік пе деп жүрген қуаныштың
аңғара да бастап ем...
тез еткенін.
Бірімізді біріміз өртеп бөлек,
есіңде ме өлуге серт еткен ек?
Ұяң едің;
амалсыз:— Иә!— дедім.
— Жүргенім де бекер ме еркек пе деп!..
...— Келмейсің бе?—
Шығады үнің қатқыл:
— Маған ұқсап күтумен күнің батқыр!
...Мең-зең болып қисайдым төсегіме,
....Шырылдап тұр телефон...
шырылдап тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркеғали ағама

  • 0
  • 0

Баяғыдан бағынған әміріңе
жүріп тұр ғой билігің бар ініңе,
атақ-даңқың аспандап кетті бүгін,
жетті бүгін алты алаш қадіріңе!

Толық

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр

  • 0
  • 0

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр,
құлағың түр.
Жетпесең жылап ұмтыл,
ащы мұңның мына бір ар жағында

Толық

Досты аңсап келем

  • 0
  • 0

Жолыққан шақта-ақ ұмыт боп қайғың,
Талас қап,
Шамдануы да,
Таңдануы да жарасты-ақ.

Толық

Қарап көріңіз