Өлең, жыр, ақындар

Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 289
Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім,
Жетпейді әудем жерге зор дауысым,
Келіп ем достықты да қолдан иіп,
Көріп ем тон да киіп — тоңбау үшін.
Қайтейін,
жарамады емге бірі,
Түсінбей әлі күнге ел де мұны, —
Тонымды иығыма жапты қасым,
Досымның жатты басым...
пенделігі.
Өршітіп ішімдегі өртті күмән,
Түлкідей тіршілік те етті бұлаң.
Жылғадай ындыныңды қандырмайтын,
Тұрғаны-ай түгелденбей төрт құбылам!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мына заман қай заман — түлкі заман

  • 0
  • 0

Мына заман қай заман — түлкі заман,
түлкіңіздің, тәңірі-ау, сұрқы жаман,
қысылмайды түктен де, кеміріп жеп,
өліктің де біткен бе ұртына жан?!

Толық

Қолданып (қолдан келер) біткен емін

  • 0
  • 0

Қолданып (қолдан келер) біткен емін
кісідей күңіренем деп күтпеп едім, —
қазақтың жалқы туар бір ақыны ек,
болмай тұр со қазаққа түк керегім!

Толық

Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай

  • 0
  • 0

Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай,
жан-дүнием жаншылады жай таппай,
Тұз көгеріп жарыта алмай жатқанда,
күз де келіп қалғаны ма байқатпай!

Толық

Қарап көріңіз